Сарапшылар Словения-Қазақстан ойынында қай құрама жеңіске жететінін болжады
2024 жылғы Еуропа чемпионатына іріктеу турнирі аясында Словения футболшыларына қарсы маңызды кездесуде Қазақстан құрамасының мүмкіндігі айтылды. Каzinform бұл туралы Sports.kz-ке сілтеме жасап хабарлайды.
Футболдан 2024 жылғы Еуропа чемпионатына іріктеу сатысының cегізінші турында Қазақстан құрамасы Н тобындағы басты қарсыласы Словениямен әлемдік доп додасының жолдамасына таласады.
Футбол сарапшылары мен букмекерлік орталықтар алдағы ойында алаң иелері Словенияның жеңіске жетуге мүмкіндігі жоғары деп бағалап отыр.
Айта кетейік, Н тобында 22 ұпаймен Дания құрамасы І тур бұрын Еуропа чемпионатына жолдама алып қойған болатын.
Топтық кезеңдегі соңғы ойын алдында Словения құрамасының еншісінде 19, ал Қазақстан құрамасында 18 ұпайдан бар. Еуро-2024 турниріне жолдама алу үшін қазақстандық футболшылар словениялықтарды сырт алаңда жеңуі керек.