Сарапшы: Астана процесі қазақстандық дипломатия үшін айрықша оқиға
АСТАНА. ҚазАқпарат - Астана процесі қазақстандық дипломатия үшін айрықша оқиға. Мұндай пікірді ҚР Президенті жанындағы Қазақстанның стратегиялық зерттеулер институты Сыртқы саясат және халықаралық қауіпсіздік бөлімінің ғылыми қызметкері Анастасия Решетняк білдірді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
«Астана процесі қазақстандық дипломатия үшін айрықша оқиға. Бейбіт реттеудің аралық кезеңі үшін алаң ретінде ұсынылған Астана барынша маңызды әрі нәзік халықаралық проблемаларға қатысты келіссөздердің балама механизмі ретіндегі өз рөлін нығайту мүмкіншілігін алады. Қазақстан теңгерімді көпвекторлы саясат жүргізіп, сұхбат бастамашыларымен қатар батыстық серіктестерімен де тиімді ынтымақтастықты жолға қойғаны үшін мұндай құқыққа лайық.
Бұл сонымен қатар Астананы бірқатар маңызды мәселелерде келісімге қол жеткізудің конструктивті орталығы ретінде паш еткен Нұрсұлтан Назарбаевтың беделі де. Қазақстан сирияаралық келіссөздерге байланысты кезекті мәрте халықаралық назарды өзіне аударуы арқылы әлемдік саясатқа оң ықпал етуге қабілетті бейбітшілік сүйгіш мемлекет ретіндегі имиджін күшейте түседі», - деді Решетняк.