Сарапшы: Boeing әдеттегіден 480 шақырым солтүстікке қарай жолбағытпен ұшқан

АСТАНА. ҚазАқпарат - Украинада апатқа ұшыраған Малайзия авиажелілерінің ұшағы әдеттегіден 480 шақырым солтүстікке қарай жолбағытпен ұшқан, деп мәлімдеді сарапшы, Aviation International News Safety журналының редакторы, коммерциялық авиажелілердің ұшқышы Роберт Марк. Бұл туралы ресейлік «Жаңалықтар» агенттігі хабарлады.

Сарапшы: Boeing әдеттегіден 480 шақырым солтүстікке қарай жолбағытпен ұшқан

Бейсенбі күні кеште 17 шілдеде Амстердам-Куала-Лумпур рейсін орындаған Malaysia Airlines компаниясының Boeing 777 ұшағы Донецк облысында апатқа ұшырағаны белгілі болды, оның бортында 298 адам болған. Авиаапатта тірі қалғандар жоқ. Киев билігі апатқа жасақшыларды айыптайды, ал олар өздерінде мұндай биіктіктегі ұшып бара жатқан ұшақты атып түсіретін қару жоқ екенін айтады.

«Апатқа ұшыраған ұшақ әдеттегі маршруттан 300 миль ((483 шақырым) солтүстікке қарай ұшқан. Амстердамнан Куала-Лумпурға ұшатын Малайзиялық авиажелілердің көпшілік рейстері әдетте бұдан едәуір оңтүстікке қарай жолбағытпен ұшады», деп британдық Telegraph газеті сарапшының сөзін келтірілген.

Ал авиакомпания болса, ұшақ келісілген жолбағытпен ұшқанын айтады. «Бұл жолбағыт келісілген, оны 16 авиакомпанияның 15-і пайдаланады. Бұл қауіпсіз жолбағыт - көпшілігі оны пайдаланады. Біз оны өзгерту туралы хабарлама алған жоқпыз», - деді бұдан бұрын журналистерге Малайзия авиажелілерінің өкілі.

«Ұшқыш ретінде айтарым, егер бізге осы жолбағытпен жүруге пәрмен берілсе, Украина мен Ресей шекарасында болып жатқан соңғы апталар мен айлардағы оқиғаларды көре тұрып, мен ешқашан бұл нұсқауды қабылдамас едім», - деді Марк.

Бұдан бұрын БАҚ ұшақ әскери қақтығыстар жүріп жатқан аймақ арқылы үшқан, бұған жол беруге болмайтыны туралы үш ай бұрын барлық халықаралық ұшқыштарға ескертілген деп атап өтті. Сәуір айында АҚШ және ЕО авиация басшылары шығыс Украинанің үстімен ұшу қауіпті екенін мәлімдеген болатын. Сірә, компания отын үнемдем, жол қысқартпақ болуы мүмкін», деді тағы бір сарапшы, ВАА компаниясының қауіпсіздік қызметінің бұрынғы басшысы, бірнеше британдық әуежайлары бар Норман Шенкс «Малайзиялық ұшақ жол қысқартып, әрі отын үнемдемек болған шығар», дейді ол.