Сарапшы: Еліміздегі жемқорлықты жою - Президенттің нақты ұстанымы

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Еуропалық құқық және адам құқықтары институтының директоры Марат Бәшімов ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері жөніндегі кеңесте сөйлеген сөзіне орай пікір білдірді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
None
None

«Бүгін Президент Қасым-Жомарт Тоқаев еліміздің ұлттық қауіпсіздігіне - жемқорлықпен күрес мәселесіне қатысты кеңес өткізді. Бұл өте маңызды. Өйткені, коронавирус індетіне кезінде халық жемқорлықтың кез келген фактісін өте ауыр қабылдап отыр. Сондықтан жемқорлықпен күреске бағытталған шаралар да соған сай жүргізілуі тиіс. Мемлекет басшысы да: «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес – еліміздің стратегиялық дамуындағы негізгі басымдықтардың бірі« деп нақты айтты. Яғни, еліміздегі жемқорлықты жою - Президенттің нақты ұстанымы екендігіне сенімім мол», - деді ол.

Осы ретте институт басшысы Қазақстан беделді халықаралық ГРЕКО ұйымына, яғни сыбайлас жемқорлыққа қарсы мемлекеттер тобына мүше екендігін айтады.

«Бұл Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі Еуропа кеңес елдерінің тәжірибелерін қабылдауға және олармен ынтымақтастықта жұмыс істеуге мүмкіндік береді. Әрине, елімізде сыбайлас жемқорлықтың тамырына балта шауып, түбегейлі жоюға бағытталған жұмыстар жүргізіліп те жатқаны белгілі. Мәселен, қол астындағылардың жемқорлық әрекеттері үшін басшыларын қызметінен босату қағидаты енгізілді. Алайда, жемқорлық әлі де тыйылар емес. Оны күнделікті БАҚ бетінен көріп, біліп отырмыз», - деді Марат Бәшімов.


Соңғы жаңалықтар