Сарапшы елордадағы қонақүй бизнесіне қатысты пікір білдірді
«Астанада 214 қонақүй бар және оларда меймандардың орналасуы деңгейі орташа есеппен 26 пайызды құрап отыр. Бұл көрсеткішті тым аз деп айтуға болады. Қонақүй қызметінен табыс алу үшін оның бөлмелерінің 40 пайызында адам болуы керек. Ал осы көрсеткіш 60 пайызға жетсе, онда бұл саланың дамығанын көреміз», - деді Т. Верницкая агенттік тілшісінің сұрағына жауап бере отырып.
Оның пайымынша, ұжымдық туризмді дамытуға назар аудару керек.
«ЭКСПО (2017 жылы) кезінде елордаға еңбек ұжымдары мен мектеп оқушыларының көптеп келуінен мол тәжірибе жинақтадық. Неге осыны қайталамасқа? Неліктен ЭКСПО-дан кейін осы бағыттағы жұмыстар тоқтап қалды? Бұл тұрғыда тиісті ведомстволар туризмге қатысты осыған дейінгі бастамаларды қайта пысықтауы керек деп санаймын», - деді сарапшы.