Сарапшы Головкин-Мэйвезер ықтимал жекпе-жегіне баға берді
АСТАНА. ҚазАқпарат - ESPN тілшісі өзінің парақшасында кіші- Флойд Мэйвезердің Геннадий Головкин (37-0, 33 КО) - Сауль Альварес (49-1-1, 34 КО) жекпе-жегінің жеңімпазымен ықтимал айқасына қатысты пікір білдірді, деп жазады Sports.kz.
«Флойдтың GGG - «Канело» жекпе-жегінің жеңімпазымен бәсекеге түсуге мүмкіндігі бар ма? Флойдтың айтуынша, Конор оның соңғы бәсекелесі. Мен оған сенем. Ол рингке тек жеңіл пэй-дэй үшін оралды. Мен оны ол үшін жазғыра алмаймын», - дейді журналист.
Еске салайық, Макгрегор-Мейвезер жекпе-жегі 26 тамыз күні Лас-Вегастағы T-Mobile аренасында өтеді.