Сарапшы: Қазақстандықтарға отандық тауарларды тұтыну қажет
«Қазақстанның аймақтарында адамдар Президенттің биылғы Жолдауын ерекше көңілмен қабыл алды. Бұл Жолдауда Президент нақты міндеттер мен мақсаттарды алдымызға қойды», - дейді ол.
Оның сөзі бойынша, экономиканы бүгін әрбір азамат отандық әлеуметтік жауапкершілік арқылы қолдауы тиіс. Отандық тауарларды тұтыну арқылы, сырттан келетін импорттық тауарлардың азаюына ықпал жасайды.
«Жаңа экономикалық ахуал Армагеддон емес, Жапония дағдарысты 20 жыл бойы кешіп келеді, дегенмен өсім көрсетуде. Бізге дамуға қажеттінің барлығы бар, тек жатыпішерліктен арылуымыз керек. «Лексус 570» көлігінің құны бірнеше жұмыс орнын қамтамасыз ететін шағын өндірістің құнымен тең екенін түсінуіміз қажет. «Мемлекет, көмегің қайда» дейтін уақыт аяқталғанын баяғыда-ақ ұғынатын кез келген. Мемлекетке отбасыңдай қарау керек», - деп атап өтті сарапшы.