Сарапшы мемлекеттік сатып алулардағы бәсекені шектейтін схемаларды атады

АСТАНА. ҚазАқпарат - 2018 жылы мемлекеттік сатып алулардың шамамен 72,5 пайызында бәсекеге шектеу қойылған, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
None
None

Бұл туралы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі жанындағы Арнайы мониторинг тобының мүшесі Рахым Ошақбев мәлімдеді.

«Мемлекеттік сатып алулардың 30% ғана тиісті бәсекелік ортада өткен. Кей органдарда мемлекеттік қызметке қатысы жоқ заттар сатып алынған. (...) Осы орайда, Мемлекеттік сатып алулар саласына қоғамдық бақылау құралын енгізгіміз келеді. 2018 жылы мемлекеттік сатып алулардың шамамен 72,5% бәсекеге шектеу қойылған» , - деп атап өтті Рахым Ошақбаев Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінде өткен алқа жиналысында.

Спикер бәсекелестерден озу үшін өте төмен баға қоятындарды да ерекше атап өтті.

«Бәсекелестерді келтірмеу үшін бағаны радикалды түрде төмендететіндер бар. Шын мәнінде қызметтің құны анағұрлым қымбат болып шығады. Табылған жалғыз жеткізуші ондаған қосымша келісімдермен қажет қаржыны шығарып алады. Бұл үрдіс кең етек алып келеді, 2018 жылдың алғашқы жартысында сараптама жүргізіп, дәл осындай 9 мың келісімді анықтадық. Өкінішке қарай, нормативтік-құқықтық база жетілдірілмеген және бәсекелестікті шектейтін осындай схемалармен күресуге дәрменсіз», - деді спикер.

Сонымен бірге, Р. Ошақбаев мемлекеттік сатып алулар конкурсына қоғамдық бақылауды күшейтуды ұсынды.

«Мемлекеттік қызметке қатысы жоқ креслоға жарияланған конкурс көргенде, ұйымдастырушылар мен Мемлекеттік қызмет істері агенттігіне хат жіберуге ештеңе кедергі емес. Мұнда ешкім құқықтық тұжырым жасамайды, меморгандардың орнын баспайды. Қоғам бақылау жасап, болжам жасап, құқықбұзушылық қаупі туралы дабыл қағуы керек», - деп өз сөзін түйіндеді Р. Ошақбаев.

Соңғы жаңалықтар