Сарапшы: Мұнай бағасы 30-50 доллар арасында болады

АСТАНА. ҚазАқпарат - Мұнай бағасы таяу уақытта 30-50 АҚШ доллары шамасында болады, деп мәлімдеді «PetroleumWorld» энергетикалық агенттігінің директоры, сарапшы Элио Оэп. Бұл туралы РИА «Новости» агенттігі хабарлады.

Сарапшы: Мұнай бағасы 30-50 доллар арасында болады

«Таяу уақытта мұнай бағасы барреліне 50 доллардан жоғарыға көтерілмейді. Ол Азия экономика құлдырамаса, 30 доллар деңгейіне дейін төмендеуі ықтимал», - дейді сарапшы. Оэптің пікірінше, 2016 жылғы наурыз-сәуір айларында әлемдік экономика мен геосаясатта үрдістер өзгеруі мүмкін, сол кезде ОПЕК өз саясатын өзгертеді.