Сарапшы: Саяси реформалар Қазақстанды дамыту жолындағы қадамдардың жалғасы
АСТАНА. ҚазАқпарат - Саяси реформалар Қазақстанды дамыту жолындағы қадамдардың жалғасы. ҚР Президенті жанындағы Қазақстан стратегиялық зерттеулер институтының ғылыми қызметкері Әмина Үрпекова осындай пікір білдірді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
«Бірінші кезекте, біз баршамыз Тәуелсіз Қазақстанның тарихында маңызды кезеңнің куәгері болып отырмыз. Мемлекет басшысының конституциялық реформаларға қатысты үндеуі елімізді модернизациялау жолында маңызды әрі айтулы қадам болып отырғаны сөзсіз. Президент жариялаған реформалар әлеуметтік-экономикалық және саяси тұрғыда елді жаңғыртудың логикалық жалғасы болып табылады»,-деп тоқталды сарапшы.
Оның сөзіне қарағанда, Қазақстан үнемі модернизациялық бағытты қолдап келеді. Осы орайда алға қойылып отырған басты мақсат халықтың әл-ауқатын көтеруге негізделіп отыр.
Бұдан бұрын хабарланғандай, үндеу барысында Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстанда Үкіметті жасақтауда Парламенттің рөлі күшейтілетінін мәлім етті.