Сарапшы: Толыққанды нарықтық қатынастарды құру философиясы - Жолдауды жүзеге асырудың негізгі міндеті

АСТАНА. ҚазАқпарат - Толыққанды нарықтық қатынастарды құру философиясы - Жолдауды жүзеге асырудың негізгі міндеті. Бұл туралы бүгін Орталық коммуникациялар қызметінің баспасөз мәслихатында «Саясаттанышулар конгресі» ҚБ басқарма төрағасы Арман Ешмұратов мәлім етті.
None
None

Оның ойынша, Жолдаудың басты мүддесі мен көздегені - елде толыққанды нарықтық қатынастардың қалыптасуын қамтамасыз ету. Ондағы банкроттық үдерістерді жеңілдету мен жекешелендірудің екінші толқынына инвестициялар тарту жөніндегі тапсырмалар осының айғағы.

«Қазір Жекешелендіру бағдарламасы қабылданды. Экономикадағы квазимемлекеттік секторды қайта құру міндеті қойылды. Мемлекеттің үлесі бар кәсіпорындарды жеке меншікке өткізу толыққанды нарықтық қатынастарды құруға септігін тигізеді», - деді А. Ешмұратов. Оның ойынша, жеке меншікке мемлекеттік кәсіпорындарды беру арқылы Қазақстан әлемдік қауіп-қатерлерге жедел жауап қатуға мүмкіндік бермек.

«Кез келген дағдарыстан шығудың негізгі жолы - жаңа мүмкіндіктер іздеу. Тәуелсіздік жылдарындағы тарихымызды алатын болсақ, біздің мемлекет алапат дағдарыс барысында пайда болды. Біз одан аман-есен шығып қана қоймай, дамудың басты басымдықтарын да таптық. Қазіргі дағдарыс 90-шы жылдары болған дағдарысқа қарағанда, түк те емес. Ол кезде адамдарда қалай өмір сүретіндігін білген де жоқ. Бүгін біз нарықтық қатынастарды дамытып жатырмыз. Дағдарыс - жүйелі әрі заңды құбылыс. Толыққанды нарықтық қатынастарды құру философиясы - Жолдауды жүзеге асырудың негізгі міндеті», - деп атап өтті ол.

Соңғы жаңалықтар