Сарапшылар ақпараттық соғыста әлеуметтік желілердің ықпалы артып отырғандығын атап өтуде

АСТАНА. ҚазАқпарат - Ақпараттық технологиялар заманында әлеуметтік желілер миллиондардың санасына ықпал етуі артып келеді. Бұл өз кезегінде ақпараттық соғыстың бұрыңғы түсінігін өзгертеді. Бұл туралы бүгін Астанада өтіп жатқан Еуразиялық медиафорумда Ресейдің «Сколково» қорының вице-президенті Александра Барщевская мәлім етті.

Сарапшылар ақпараттық соғыста әлеуметтік желілердің ықпалы артып отырғандығын атап өтуде

«Меніңше, ақпараттық соғыс қазіргі уақытта өзгеше кейіпке енуде. Мен оның қаншалықты басқарылатынын, қадағаланылатынын білмеймін. Бірақ біз оларды басқаруды, пайда болған «цунамиді» қадағалауды үйренудеміз»,- деп атап өтті ол. - Қазір біз адам санасына қатты әсер ете алатын ақпараттық технологиялардың қарқынды дамуы кезеңіндеміз. Бүгінде ол психикалық ауру сияқты, себебі біз әлеуметтік желілерге тереңірек дендеп барамыз, олардың ықпалы қазір БАҚ-тың ықпалынан да бірнеше есе жоғары».

Оның мәліметтері бойынша, қазіргі уақытта интернетте 2 млрд. адам отырады. Олардың 90 пайызы әлеуметтік желілердің пайдаланушылары.

«Меніңше, қазір классикалық БАҚ-тың өрісі қысқарып барады. Олардың ықпалы да төмендеуде. Себебі біз өзіміз қалаған хабарламаны қазір-ақ милиондардың санасына жеткізе аламыз», - деп түйді сөзін А.Барщевская.