10:24, 23 Желтоқсан 2016 | GMT +5
Сарапшылар әлемнің үздік әуе компанияларын анықтады
АСТАНА. ҚазАқпарат - Airhelp халықаралық сервисі сенімді әуе тасымалдаушыларының тізімін жасады. Сарапшылар әлемнің үздік әуе компанияларын іріктеді.

Qatar Airways әлемнің үздік әуе компаниясы деп танылды. Airhelp бизнесті сервис сапасы, ұқыптылық және кешіккен, кейінге шегерілген рейстер үшін өтемақы төлеу секілді бірнеше сипаттама бойынша бағалады. Катар әуе компаниясы үнемі мұқияттылық танытады және жылдам әрекет етеді, деп атап өтті сарапшылар.
Үздік үштікке Air Dolomiti (Италия) мен Austrian Airlines (Австрия) компаниялары енді. Итальяндықтарды үнемшіл жандарға арналған ұшақ болғанымен сапалы қызмет көрсететіндігі, ал австриялықтарды - эконом-класты қайта өңдеуі (аяққа арналған қосымша орын, фильмдер, музыка мен ас мәзірінің екі түрі) және қамқорлығы үшін таңдаған.