14:13, 11 Желтоқсан 2012 | GMT +5
Сарапшылар: Азия 2030 жылға қарай ЕО және Солтүстік Америкадан басып озады
АСТАНА. 11 желтоқсан. ҚазАқпарат - Американдық сарапшылар тобы «Жаһандық трендтер-2020» баяндамасын жасады.

Онда мәлім етілгендей, алдағы 20 жыл ішінде Азия мемлекеттері экономикалық қуаттылығы жағынан Еуроодақ және Солтүстік Американы басып озады деп болжануда, деп хабарлады Би-Би-Си.
Сондай-ақ зерттеулер адамдар тез қартаятын елдерде өмір деңгейінің төмендеуінің алдын алады.
Бұл ретте баяндаманың авторлары Нигерия мен Пәкістанда саяси тұрақсыздық қаупі жөнінде ескертеді. Айта кетейік, ол елдерде азаматтар санының күрт артуынан азық-түлікке байланысты жанжалдар басталып кетуі мүмкін.