Сарапшылар бағасы қымбаттайды деген тауарларды анықтады - Бишімбаев

АСТАНА. ҚазАқпарат - Ұлттық экономика министрі Қуандық Бишімбаевтың айтуынша, жақында сарапшылар бағасы қымбаттайды деген тауарларды анықтады, деп xабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
None
None

"Әлеуметтік маңызы бар 33 тауардың 6-ауының бағасы өскені байқалады. Олар - шай, жұмыртқа, жарма, бидай наны, қант пен тауық еті. Қазіргі кезде жергілікті билік органдары тұрақтандыру қорларын пайдаланып, тиісті интервенцияларды (ақша мен тауарды нарыққа шығару - авт.) жасап жатыр. Әкімдіктер осы жұмысты белсенді түрде жүргізіп, бағаның негізсіз көтерілуіне жол бермеуі тиіс", - деді Қ.Бишімбаев Үкіметтің бүгінгі отырысында.

Министрдің айтуынша, соңғы жартыжылдың ішінде тарифтерді көтеруге қатысты бірде-бір өтінім түскен жоқ. Жылдың басында монополистрдің тарапынан ондай өтініштер түсетін болса, министрлік соның барлығын тиісті тәртіп бойынша қарайтын болады.

Соңғы жаңалықтар