Сарапшылар Еуропада тұрғын үй бағасы құлдырайтынын болжады

Компания жариялаған баспасөз парағында атап өтілгендей, Біріккен Корольдік азаматтарының ЕО-дан шығу туралы шешімі экономикада құбылмалылықты күшейтті. Референдум қорытындысын жариялағаннан кейін еуро барлық басқа валютаға шаққанда, құлдырап кетті. Еуроальянс моделі жоғалып кету қаупіне ұшырады. Еуропа мегаполисінде элиталық тұрғын үйлерге баға 10-15 пайызға, ал экономикасы барынша әлсіз еуропалық өңірлерде - 15-25 пайызға төмендейді, деп болжайды сарапшылар.
Олардың пікірінше, валютаның әлсіреуімен еуропалық капиталдар баламалы нарыққа, оның ішінде Ресейге бағытталады.
«Батыс инвесторлары ресейлік сыйлықақылы жылжымайтын мүлік нарығын жіті бақылауда. Баға және сұраныс деңгейі бойынша ең тұрақты болғаны да осы сегмент, - деген Kalinka Group директорлар кеңесінің төрағасы Е. Румянцеваның сөзін келтіреді агенттік. - Сонымен, осы жылғы бес айда Мәскеудің элиталық құрылыстарына сұраныс өткен жылмен салыстырғанда, бес пайызға артты, нақты дағдарыстық деңгейге жетті, ал шаршы метрінің құны сәтті жобаларда 12-17 пайызға ұлғайды».
Kalinka Group деректеріне сәйкес, соңғы жылда ресей нарығынан элиталық үйлерді Батыс елдерінен сатып алушылар үлесі 30 пайызға артқан.
Референдум Британияда 23 маусымда өтті. 51,9 пайызбен Brexit жақтастары жеңіске жетті.