Сарапшылар мұнай бағасының бір баррелі 30 долларға дейін төмендейтіні туралы ескертті
АСТАНА. ҚазАқпарат - Сарапшылар мұнай бағасының бір баррель үшін 30 долларға дейін төмендейтіні туралы ескертті, деп жазады РБК.
Commerzbank, BNP Paribas және UBS Group өкілдері мұнай бағаларының қаңтардағы минимумдармен салыстырғанда 70 пайызға өсуі нарықта өткен жылы болған жағдайды еске салатынын Bloomberg агенттігіне хабарлады. Онда Brent маркалы мұнай бағасы көктемде бір баррелі үшін 68 долларды құраса, мамыр айында бұл тренд жойылды. BNP және UBS сарапшыларының пікірінше, алдағы апта баға бір баррель үшін 30 доллар көрсеткішіне орала алады.
Bloomberg мұнай бағаларының өсуіне мұнай саласы қызметкерлерінің ереуілі өткен Нигерия, Ирак және Кувейттегі тұрақсыз жағдай әсер еткенін атап өтеді.