09:10, 07 Қыркүйек 2009 | GMT +5
Сарапшылар НАТО-ның жаңа стратегиялық тұжырымдамасы үшін негіз қалауда
БРЮССЕЛЬ. Қыркүйектің 7-сі. ҚазАқпарат /Ержан Оспанов/ - Жұма күні НАТО-ның штаб-пәтерінде Альянстың Бас хатшысы Андерс Фог Расмуссен тағайындаған 12 сарапшының кездесуі болды.
АҚШ-тың бұрынғы мемлекеттік хатшысы Мадлен Олбрайт бастаған топ НАТО-ның жаңа стратегиялық тұжырымдамасы үшін негіз қалауға қатысты мәселелерді талқылады.
Баспасөз мәслихатының барысында А.Ф.Расмуссен жаңа тұжырымдаманың қажеттілігін мәлімдеді. «Әлем өзгерді, НАТО-ның өзі сияқты қатер де өзгерді. Біздер қазіргі және болашақтағы шынайылықты ескеретін стратегиялық тұжырымдамаға ие болуға тиістіміз және ие боламыз да», - деді ол.