Сарапшылар отандық туристік компаниялардың қызметіне ықпал ететін маңызды оқиғаларды анықтады

АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстандағы кірме туризм бүгінде басым сегмент болып табылады, себебі ол елімізге келуші туристерден өтем балансын толықтыратын тікелей валюталық түсімнің ең тиімді формасы болып отыр.

Сарапшылар отандық туристік компаниялардың қызметіне ықпал ететін маңызды оқиғаларды анықтады

Бұл туралы Инвестициялар және даму министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.

Орта мерзімді және ұзақ мерзімді перспективада ішкі туризмді дамыту мен туристік қызмет көрсету жөнінде отандық ұсыныстармен қанықтыру ең өзекті болып отыр және басқа елдерге саяхатты біршама алмастыру қызметін атқара алады.

Sabre Central Asia компаниясы ҚР ИДМ Туризм индустриясы департаментімен бірлесіп V Халықаралық Конференция және Sabre Корпоративтік Саяхаттар, SCTC 2015 мерейтойлық көрмесі қарсаңында маркетингтік зерттеу барысында туристік рыноктың ахуалын саралаған болатын. Мониторингтің мақсаты туризм индустриясының шетелдік және отандық сарапшыларының пікірін талдау, сонымен бірге Қазақстанның туристік саласының ағымдағы жағдайын, даму перспективасын бағалау болды.

Зерттеу барысында Қазақстанда сыртқа шығатын туризм көп жылдан бері туристік компаниялардың кіріс құрылымында үстем болып келгендігі айқындалды.

Зерттеуге 80 отандық және шетелдік компанияны ңөкілдері қатысты, оның 18-і туристік агенттіктер, 14-і туроператорлар, 8-і мемлекеттік және қоғамдық ұйымдар, 8-і қонақүйлер, 4-і авиатасымалдаушылар, 28-і БАҚ, оқу орындары және т.б.

Сауалнамаға қатысқан сарапшылар Қазақстанның туристік рыногына тән өскелең трендтерін және қысқа мерзімді және орта мерзімді перспективада компаниялардың қызметіне ықпал жасай алатын оқиғаларды атап өтті. Ең тартымды болжамдардың рейтингі былай болып шықты:

Респонденттердің 32 %-ы мега-оқиғалардың және MICE сегменттің даму мүмкіндіктерін атап өтті. Мысалы, Astana Expo 2017 көрмесі мен Алматыдағы Дүниежүзілік Универсиада аталды.

Жауаптардың 23%-ы рынок өкілдерінің қызмет көрсетуін онлайн брондаумен сатудың дәстүрлі каналдарын өзгертуді күтетіндердің және клиенттердің туристік қызмет көрсетуді іздестіру мен сатып алуда гаджеттер мен мобильді технологиялардың пайдалануды тәуір көретіндердің өсуін, сонымен бірге технологияларды пайдалану және туризмде үдерістерді автоматтандыру есебінен өнімділігінің одан әрі өсуін күтетіндердің үлесіне тиді.