Сарапшылар ұлттық компанияның «Халықтық IPO» шеңберіндегі акциясына сұранысты болжауда

АСТАНА. 22 шілде. ҚазАқпарат - Үстіміздегі жылдың екінші жартысында Қазақстанда, қазақстандықтарға ірі ұлттық компаниялардың акцияларына ие болуға мүмкіндік беретін және елдегі нарық қорын дамытуға бағытталған «Халықтық IPO» бағдарламасы іске қосылады,

Сарапшылар ұлттық компанияның «Халықтық IPO» шеңберіндегі акциясына сұранысты болжауда

деп хабарлады pm.kz сайты.

«Халықтық IPO» бағдарламасының мақсаты - елдегі ірі кәсіпорындар акциясының иегері болу мүмкіндігін жасау және акцияларды танымал ету.  Сонымен қатар, бұл қазақстандық жеке және мемлекеттік басқа да компаниялардың акцияларын шығаруға мүмкіндік беру арқылы, құнды қағаздар нарығын одан әрі дамытуға серпін береді.

ҚР ЭДСМ ақпарына қарағанда, ағымдағы жыл ішінде Қазақстанда жұртшылыққа ірі көлемдегі ақпараттық-түсіндіру  жұмыстары жүргізілуде, оған барлық республикалық БАҚ, интернет-ресурстар, әлеуметтік желілер, кеңесшілер, боркерлік компаниялар қатысуда.Сонымен бірге, «Самұрық-Қазына» қоры оқу-әдістемелік және таныстыру материалдары енгізілген білім беру баағдарламаларын жүргізуде.

Осы дайындық шараларының барлығы жұртшылық тарапынан бағдарламаға деген қызығушылық пен белсенділікті туғызып, алдағы уақытта әлеуетті инвесторлардың акцияға оң сұранысына ықпал етуі мүмкін.

Қаржылық сарапшылар атап айтқандай, халықта «Халықтық IPO» бағдарламасыны қатысуға қызығушылық бар, өйткені бағдарламаға жеке инвесторлар ғана емес, жарналық инвестициялық қорлар да қатысады.

Сарапшылардың айтуынша, әлеуетті инвесторлар кез-келген қаржылық нарықта болуы мүмкін тәуекелдерді нақты бағалап,  құнды қағаздарды ұзақ мерзімді инвестициялауға дайын болулары қажет.

«Қатысушылар 2-3 айдан кейін дивидендтерден  түсім алу мүмкін еместігін, ұзақ мерзімге инвестициялауға  дайын болу керектігін түсінулері қажет. Олардың салымдарынан түсетін кіріс капитализация, пайда, компанияның қаржылық көрсеткіштері артқан сайын көтеріліп отырады», - деп атап өтті «ORKEN Invest» атқарушы  директоры Дамир Сейсебаев.

Бұдан басқа, «Халықтық  IPO» шеңберінде  бірінші болып орналастырылу жоспарланып отырған барлық компаниялар инвесторға қызықты болады, себебі олардың жағдайы тұрақты.  «Тағы бір ең маңызды фактор бар, ол - олардың акционерінің  мемлекет болуы», - деп қосты Д.Сейсебаев.

Өз кезегінде, «BCC Invest» АҚ сауда операциялары департаментінің директоры Әнуар Бейсенбиев әлеуетті инвесторларды болуы мүмкін барлық тәуекелдерге дайындау керек деп есептейді. «IPO»-ға қатысуға бел буған кез-келген адам, мемлекет IPO-ға ең сенімді компанияларды шығару арқылы қаржы нарығындағы жұмысқа барлық қажетті жағдайды жасайтынын  түйсінуі қажет»,- деді сарапшы.

Белгілі болғандай, осы жылдың қыркүйек айында «Халықтық IPO» бағдарламасы аясындағы бірінші кезеңге  «ҚазТрансОйл» АҚ акциялары орналастырылады. «Самұрық Қазына» қоры тобы арасында жүргізілген сараптама қорытындысына қарағанда,  «ҚазТрансОйл» АҚ  алғашқы лектегі компания  деп танылған. Іріктеу өлшемдері ретінде өндірістік және қаржылық көрсеткіштердің тұрақтылығы, әлемдік нарық конъюнктурасына тәуелділіктің төменділігі алынған.

«BCC Invest» АҚ сараптама басқармасының бастығы  Әділ Табылдиевтың пікірінше, аталған компанияның акциялары инвестициялаудың тартымды нысаны болып табылады. «Бұл орналастыру құнына да байланысты, сондықтан  IPO-дағы акцияларды инвестициялау туралы шешімді инвестициялық меморандум мен орналастыру құны жарияланғаннан кейін  ғана қабылдауға болады», - деді Ә.Табылдиев.

2006 жылғы IPO  өткізуде табысты тәжірибе жинаған  «РД Қазмұнайгаз» сияқты, «ҚазТрнасОйл» да  «Қазмұнайгаз» ҰК» АҚ-ның еншілес компаниясы болып табылады. Сараптамашының айтуынша,  РД ҚМГ акцияларын сатып алған инвесторлар, бүгінгі күні салған салымдары үшін коммерциялық банктердің депозиттеріндегі табыстан асып түсетін көлемдегі табыс тапқан.

«Біз, компания IPO-ны табысты жүргізу үшін  өзінің «еншілесінің»  оң тәжірибесін үйреніп және дұрыс пайдаланады  деп ойлаймыз.  Сонымен қатар, «Қазмұнайгаз» тобындағы  корпоративті басқарудың жоғары сапасы «ҚазТрансОйлдың» қазіргі және келешектегі  акционерлері үшін құнының арта түсуіне ықпал етеді», - деп қорытындылады Ә.Табылдиев.