Сарапшылардың деректеріне қарағанда Қазақстанның төңірегінде тұрақсыздықтың 5 ошағы бар - Стратегиялық зерттеулер институтының директоры

АЛМАТЫ. Желтоқсанның  2-сі. ҚазАқпарат /Ерлік Ержанұлы/ - Біз  тұрақсыз әлемде өмір сүріп жатырмыз. Бізді тұрақсыз елдер қоршап тұр. Бұл бүгін Алматыда «Ел бірлігі» доктринасы жобасын пысықтаумен айналысатын жұмыс комиссиясының бірінші отырысында айтылды,
None
None

деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Сарапшылардың деректеріне қарағанда біздің айналамызда тұрақсыздықтың 5 ошағы бар. Олар  - Ауғанстан, Солтүстік Пәкістан,  Ферғана, Шыңжаң және Тибет. Бұл аймақтардан  экономикалық-әлеуметтік жағдайлардың нашарлауынан көші-қон үрдісі артып келе жатыр. Бейресми деректер бойынша Қазақстанға келген еңбек мигранттарының саны 3 миллион адамға дейін жетті. Олардың  ақша аударымдарының көлемі 1995 жылы 500 миллион болса,  2006 жылы  3 миллиард доллардан асып кеткен. Оның 38,5 пайызы - Өзбекстанға, 25,5 пайызы - Қырғызстанға, 16,8 пайызы - Тәжікстанға жіберілген. Бұл қаражаттың  жалпы ішкі өнімдегі үлесі   Өзбекстанда  - 9 пайыз, Қырғызстанда - 10 пайыз, Тәжікстанда - 14 пайыз», дейді ҚР Президенті жанындағы Қазақстанның стратегиялық зерттеулер институтының директоры Болат Сұлтанов. Оның айтуынша, аталмыш елдердің ішінде Қазақстанды Тәжікстандағы жағдай ерекше алаңдатып отыр. Бұл мемлекетте тұрғындардың 70 пайыз кедейшіліктің төменгі шегінде өмір сүруде. Ең төменгі айлық еңбек ақының көлемі 7 доллар. Сарапшылардың  деректеріне қарағанда    азаматтық соғыс Тәжікстандағы есірткі тасымалына қойылатын тосқауылды   бұзды. Мәселен, 2000-2007 жылдары онда 57 тонна есірткі ұсталды. Оның 27 тоннасы героин. Бұл Қазақстан арқылы Ресей мен Еуропаға әкетілетін есірткі. Болат Қылышбайұлының пайымдауынша, қазір тәжік сарапшылары да Тәжікстанның транзиттік аймақтан тұтынушы елге  айналуынан қорқуда.

Соңғы жаңалықтар