Сараптама қызметіне қатысты заңға өзгерістер енгізуді қарастыратын құжат бірінші оқылымда мақұлданды

АСТАНА.  Қыркүйектің 16-сы. ҚазАқпарат /Айдар Оспанәлиев/ - Парламент Сенатының жалпы отырысында депутаттар «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне «сот-сараптама қызметі мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы заң жобасын бірінші оқылымда мақұлдады,

Сараптама қызметіне қатысты заңға өзгерістер енгізуді қарастыратын құжат бірінші оқылымда мақұлданды

 деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Аталмыш құжат сот-сараптама қызметі туралы заңнаманы одан әрі жетілдіруге бағытталған. Заң жобасында сарапшының, сот-сараптама органы басшысының және сараптама жүргізуге қатысушылардың іс жүргізушілік құқықтары мен міндеттері нақтыланады. Онда сонымен қатар сарапшылардан бас тарту, әртүрлі сараптама түрлерін жүргізу шарттары, дәлелдеу процесінде ғылыми-техникалық құралдарды пайдалану мәселелері және өзге де жәйттер регламенттеледі.

Заң жобасы күшіне енсе, Қылмыстық іс жүргізу және Азаматтық іс жүргізу кодекстері мен Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексіне, сондай-ақ «Денсаулық сақтау жүйесі туралы», «Лицензиялау туралы» сияқты Қазақстан Республикасының өзге де бірқатар  заңдарына өзгерістер мен толықтырулар енгізіледі.