Саратов-Худжанд пойызының жұмысшысы 300 килә балықты заңсыз алып өтпекші болған

АСТАНА. 10 қараша. ҚазАқпарат - Кеше Атыраулық тәртіп сақшылары жолаушылар пойызы арқылы 300 келә балық алып өтпек болған Тәжікстан азаматын ұстады.

Саратов-Худжанд пойызының жұмысшысы 300 килә балықты заңсыз алып өтпекші болған

Қалалық Ішкі істер департаментінің баспасөз қызметі таратқан мәліметтерге қарағанда, балықтарды тәртіп сақшылары «Браконьер» жедел-алдын алу шарасы барысында сағат 18-00 шамасында Саратов-Худжанд бағытында кетіп бара жатқан №336 жолаушылар пойызының №9 аккумулятор бөлігінен тапқан. Кейін бұл балықтардың Тәжікстан Республикасының Хистеварск қаласының тұрғыны, «Жолаушылар тасымалы» пойызының электр бұрғылаушысына тиесілі екені анықталды. Қазір полицейлер қосымша тексеру жұмыстарын жүргізуде.