Саратов облысында ата-аналары 33 жастағы қызын сарайға жерлеген

АСТАНА. ҚазАқпарат - 13 сәуірде Саратов облысы Ершов ауданы Прудовой кентінде жас әйелдің мүрдесі табылды.

Саратов облысында ата-аналары 33 жастағы қызын сарайға жерлеген

Тергеу деректеріне сәйкес 33 жастағы жергілікті тұрғын 9 наурызда қайтыс болған. Оны ата-аналары үй ауласында орналасқан сарайға  шағын шұңқырға жерлеген. Бұл ретте олар шұңқырды шүберек, матраспен қымтап, үстін топырақпен  жапқан.

Мүрдені көршілерінің сарайына  бас сұққан сол ауылдың тұрғыны көріп қалған. Жерленген әйелді көмген шұңқыр терең болмаған, ер адам бірден полицияға хабарласады.

Үй иесінен сұрақ-жауап алу барысында ол әрекетін қызын жерлеуге ақшасы болмағандығын желеу етіп, ақталды. Көршілерінің айтуынша, ата-аналары  ішімдікке үйір болған, еш жерде жұмыс істемеген, деп жазады informing.ru.