17:17, 10 Қыркүйек 2010 | GMT +5
Саратов облысында сона шаққан бағбан қайтыс болды
АСТАНА. Қыркүйектің 10-ы. ҚазАқпарат - Саратов облысында сона шаққан бағбан қайтыс болды. Бұл туралы РФ прокуратурасы жанындағы Саратов облысы бойынша Тергеу комитеті тергеу басқармасының баспасөз қызметі хабарлады, деп жазады РБК.
Аймақтың Аткар ауданының тұрғыны өз ауласында үй шаруашылығын орындай жүріп, сона ұясын бұзған. Ашулы соналардың жабыла шағуы салдарынан әлгі адам алдымен есінен танған, дер кезінде көрсетілген медициналық көмекке қарамастан, зардап шегуші бақилық болған. Сот-медициналық сараптау материалдарына сәйкес, ажал әлгі азаматты анафилактикалық естен айрылудан кейін алған.
Осы факті бойынша тергеу органдары тексеру жүргізуде.