10:22, 10 Наурыз 2009 | GMT +5
Саратовта мас жүргізуші аялдамада 4 жасөспірімді қағып кетті
МӘСКЕУ. Наурыздың 10-ы. ҚазАқпарат - Саратовта джипке мінген мас жүргізуші аялдамада автобус күтіп тұрған төрт жасөспірімді қағып кетті,
деп хабарлайды ҚазАқпарат РБК агенттігіне сілтеме жасап. Үлкен жылдамдықпен келе жатқан джип аялдама маңында тұрған жеңіл көлікпен соқтығысқан, одан кейін аяқжолдың үстіне шығып кетіп, балалар тұрған аялдаманы соққан. Оқиға салдарынан 14-15 жастағы екі қыз бала мен екі бозбала ауыр жағдайда ауруханаға түсті. Жүргізушінің өзі зардап шекпеген. Ол оқиға орнында ұсталды.