«Сарайда өмір сүру» - Алматыдағы бірегей туындылар көрмесі (ФОТО)

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Бүгін Алматыда Әбілхан Қастеев атындағы Мемлекеттік өнер мұражайында «Сарайда өмір сүру» атты классикалық және антикварлық өнер көрмесі ашылды.

«Сарайда өмір сүру» - Алматыдағы бірегей туындылар көрмесі (ФОТО)

Келушілер мен коллекционерлер назарына 200 жуық бірегей туындылар ұсынылды. Олардың ішінде импрессионистердің үздік еңбектері, бірегей еуропалық гобелендер, шығыстың XVI-XIX ғасырлардағы кілемдері, антикварлық жиhаздар, еуропалық күміс ыдыс-аяқтар, мәрмәр мүсіндер, XX ғасырдың зергерлік әшекейлері және Орталық Азия мен Азияның әр түрлі антикварлық бұйымдары бар.

Көрме патшалық әулеттің мұрагері Жоғары Мәртебелі князь Ростислав Романовтың қамқорлығымен және ҚР Мәдениет министрлігі, Алматы әкімдігі, Бельгия Корольдігінің сыртқы істер министрлігінің ресми қолдауларымен өтуде. Сонымен қатар, бұл игі шараның өтуіне осы көрменің Қазақстан мен Еуропаның шығармашылық ортасының, «International Fine Arts Monaco» өнер бюросының және «Kovanur» Арт-қорының өкілдерінен құралған Құрметті комитеті де септігін тигізді.

Бұл топтама талғампаз жұртшылыққа арнап әдейі таңдап алынған. Келушілер егер қаласа, дәл осы мұражайдың өзінде ұнатқанын сатып алуларына болады.

Көрме 27 сәуірге дейін жалғасады.