Сарайшықтың тарихын зерттеу, құндылығын насихаттау жетіспейді – Мереке Құлкенов

Мереке Құлкенов
Фото: Abai.kz

АТЫРАУ. KAZINFORM – Атырау облысындағы ортағасырлық Сарайшық қаласының тарихын зерттеу, құндылығын насихаттау жетіспейді. Бұл жөнінде Ұлттық құрылтай мүшесі, Қазақстан Жазушылар одағының төрағасы Мереке Құлкенов айтты. 

Қаламгердің айтуынша, жеті номинация бойынша «Құлагер» бәйгесі жарияланған. Ұлттық ойындарды, салт-дәстүрді ұлықтау үшін жаңа көркем шығармалар анықталады.

«Біз Қазақстандағы көркем шығарманың деңгейін көтереміз. Алайда, қазақ әдебиетінің кемшін тұсы көп. Әсіресе, қазақ прозасы мен поэзиясы шет тіліне дұрыс аударылмай жатыр», - деді Мереке Құлкенов.

Оның пікірінше, Жайық өзенінің жағалауындағы көненің көзі – Сарайшық қалашығына маңыз беріліп отыр.

«Бірақ, Сарайшықтың зерттелу жағы, құндылықтарын дәріптеу жағы әлі жетіспейді. Оның себептерін анықтаған жөн. Жалпы, мұнайлы өлкеде екі нәрсе қолға алынуға тиіс. Оның бірі – Бейбарыстың ғылыми орталығы болуы қажет деп есептеймін. Былтыр біз араб елінде болған кезімізде сондай орталық құрылған еді. Арабтық әріптестер оны Қазақстанмен бірлесіп құруға ынталы болып отыр. Өйткені, ғалымдарды жіберу, қаржыландыру мәселесі қамтылған еді. Біз дауылпаз ақын Махамбетті ұмытып кеттік. Сол себептен, оған да бір орталық керек секілді. Меніңше, Атырау өңіріндегі жоғары оқу орындары осыған жете көңіл бөлуі керек. Әрине, тек университеттер ғана емес, облыстағы мәдениет басқармасы, басқа да орталықтар осы мәселені қолға алса деген ұсынысымыз бар», - деді Мереке Құлкенов.

Еске сала кетелік, бұдан бұрын Ұлттық құрылтай ел дамуының бағытын айқындайтын бірегей платформаға айналғанын жазған едік.

Сондай-ақ, Қазақстанда өтетін V Дүниежүзілік көшпенділер ойындарына 58 ел қатысады.

Мәдениет және ақпарат министрі Креативті индустрия өкілдері үшін арнайы салықтық жеңілдіктер енгізілгенін айтты

Соңғы жаңалықтар