Сарбаз 2 адамды өлтіріп, кейін өз-өзін атып тастады
АСТАНА. ҚазАқпарат - АҚШ ұлттық гвардиясының сарбазы 2 адамды өлтіріп, артынан өз-өзіне қол жұмсады. Атыс Логан (Юта штаты) қаласында орын алған. 2009 жылдан ұлттық гвардия қатарына қосылған Джаред Толман бұрын ешқандай жазаға тартылмағаны атап өтілді.
Полиция мәліметінше, ол түнде пәтерге баса көктеп кіріп 19 жастағы қыз бен 25 жастағы жігітті винтовкамен атып тастаған. Кейін тағы бір ер азамат тұратын үйге қарай бет алған. Бірақ оны баспанасынан таба алмай, өз-өзін атқан.
Өзіне қол жұмсамас бұрын 23 жастағы сарбаз қызына бірқатар СМС-хат жолдаған. Онда не жазылғаны белгісіз, деп жазды Газета.Ru. Сондай-ақ ата-анасына арнап жазған өлімалды хаты да табылды.
Полицейлер Толман мен қызының арасындағы қарым-қатынас қандай болғанын білмейді.