Сарбаздардың қытырлақ наны қылмыстық іске себеп болды

АСТАНА. ҚазАқпарат - ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитеті Шекара қызметінің № 2034 әскери бөліміндегі мемлекеттік сатып алу заңдылықтарын жүзеге асыруды тексеру барысында сарбаздарға сатып алынатын қытырлақ нанға бөлінген 4,5 млн. теңгеге қатысты келісімшартта заңбұзушылық анықталған.

Сарбаздардың қытырлақ наны қылмыстық іске себеп болды

Бұл туралы ҚР Бас әскери прокуратурасы хабарлады.

Аталған тауар техникалық талаптарға сәйкес келмесе де әскери бөлім комиссиясы оны тексерместен қабылдаған. Заңға қайшы әрекеттер үшін ҚР Қылмыстық Кодексінің 380-бабы 1-тармағы бойынша қылмыстық іс қозғалды.

Тергеу амалдары жалғасуда.