Сарбаздардың өз-өзіне қол салуларының негізгі себебі - психологиялық тепе-теңсіздік - Әскери полиция өкілі

АСТАНА. 19 сәуір. ҚазАқпарат - Бүгінде сарбаздардың өз-өзіне қол салуларына психологиялық тепе-теңсіздік себеп болып отыр.
None
None

ҚазАқпарат тілшісіне сұхбат берген Ақмола өңірлік гарнизонының Әскери полиция жасағының идеологиялық жұмыс жөніндегі маманы, лейтенант Бауыржан Әміров осылай айтты.

«Неге екенін білмеймін, бірақ 91-92 жылдары туған жастардың бойында психологиялық тепе-теңсіздік байқалады. Соның салдарынан әскерге шақырылған олар өз-өзіне қол салып жатады. Мәселен, отбасында неше түрлі проблемалар, өзге де келеңсіз жағдайлар болады. Осының барлығы сарбаздардың психологиясына қатты әсер етеді», - дейді Б.Әміров. Маманның сөзіне қарағанда, «бүгінде әскерде әлімжеттік жоқ деп айтуға болмайды».

Соңғы жаңалықтар