Сарбаздарға киік еті беріле ме
АСТАНА. KAZINFORM — Мәжіліс кулуарында ҚР Қорғаныс министрінің тәрбие және идеологиялық жұмыстар жөніндегі орынбасары Асқар Мұстабеков киік еті консервілерін әскердегі ас мәзіріне енгізу туралы журналистер сұрағына жауап берді.
— Сарбаздардың тамақтану нормасында консервілер жоқ. Кәдімгі табиғи етпен піскен тағамдар беріледі. Сіз айтқан мәселе қаралып жатқан жоқ, — деді ол.
Асқар Мұстабековтің сөзінше, полигонға бару секілді сапарларға шыққанда, сарбаздарға құрғақ тағамдар ұсынылады. Мұндай тамақты да жауапты мамандар бекіткен. Ал консервіленген киік етін беру жоспарда жоқ.
Айта кетейік, бұған дейін әскерге шақырту хабарламасын елемегендерге қандай шара қолданылатынын жазғанбыз.