Сарбазды ұрып өлтірді деген лейтенант 7 жылға сотталды

АЛМАТЫ. KAZINFORM – Алматыда сарбазды ұрып-соғып, өлуіне әкелген лейтенантқа үкім шықты.

сарбаз
Фото: Максат Шагырбаев/ Kazinform

Соттың баспасөз қызметі хабарлағандай, сарбаз Досымжан Сәлімжанның өліміне қатысты істі Алматы гарнизоны әскери сотының судьясы Н. Жексембиев қарады.

Бұл іс бойынша лейтенант Шәкиров Қылмыстық кодекстің 451-бабы 2-бөлігі бойынша айыпталды.

«Сот Ж.Шәкіровті «Билiктi асыра пайдалану» бабы бойынша кінәлі деп танылып, 7 жылға бас бостандығынан айырды. Жәбірленушінің пайдасына 10 млн теңге көлемінде моральдық зиян өндірілді», - делінген сот шешімінде.

Үкім заңды күшіне енген жоқ.

Айта кетейік, 2023 жылдың қазан айында Атырау облысы Құлсары қаласынан әскерге шақырылған Досымжан Сәлімжан борышын Жетісу облысы Сарыөзек кентіндегі №29108 әскери бөлімінде өтеп жүрген. Биыл мамырда әскери госпитальге түскен жауынгер он күннен соң сонда көз жұмды.

Осыған дейін, Жоғарғы сот Қаңтар оқиғасы кезінде оққа ұшқан Айкөркемнің ісі бойынша 7 жылға сотталған әскери қызметкер Арман Жұманның ісі бойынша шешім шығарғаны туралы жазған едік. 

Соңғы жаңалықтар