Сарыағаш жастары 101 жасқа келген соғыс ардагерінің үй ауласын тазалады

Түркістан облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі
Фото: Түркістан облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі

ТҮРКІСТАН. KAZINFORM – Сарыағаштық жастар «Өнегелі ұрпақ» апталығында Екінші дүниежүзілік соғыс ардагері  Ермахан Ишқоновтың үй ауласында сенбілік жұмыстарын жүргізді.

Олар тұрғын үй ауласын ретсіз өскен шөптерден тазартып, қоқыстарды шығарды. Іс-шараға жастармен бірге аудандық «AMANAT» партиясының төрағасы Қ.Қыстаубаев белсене атсалысты. 

Түркістан облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі
Фото: Түркістан облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі

Соғыс ардагері Ермахан Ишқонов 1923 жылы Ташкент облысы Калинин ауданында дүниеге келген. 1942 жылы 5 мамырда әскер қатарына шақыртылып, соғысқа аттанған. Сондай-ақ 1946 жылы Қырғызстандағы авиациялық бөлімге жіберіліп, 1948 жылы әскери қызметін аяқтаған. 

Түркістан облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі
Фото: Түркістан облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі

Бүгінде Ермахан ақсақал I дәрежелі «Отан соғысы», «КСРО Гвардиясы», «Мінсіз қызметі үшін» және «Ерлігі үшін» медальдарымен марапатталған. 

Түркістан облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі
Фото: Түркістан облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі
Соңғы жаңалықтар