Сарыағашта жеңіл көлік газ құбырына соғылып, 7 000-ға жуық абонент газсыз қалды

ТҮРКІСТАН. KAZINFORM – BMW көлігінің жоғары қысымды газ құбырына соқтығысуы салдарынан газ құбыры екі жерден жарылған. Сонымен қатар 40 метрге жуық газ құбырына зақым келген. 

Сарыағашта жеңіл көлік газ құбырына соғылып, 7 000-ға жуық абонент газсыз қалды
Фото: АО «QazaqGaz Aimaq»

Апат салдарынан 21 кәсіпорын, 153 коммуналдық мекеме, 6 821 жеке сектор абоненттері газсыз қалды. Зақымданған газ құбырын қалпына келтіру жұмыстары бірден басталды.

Оқиға орнында «QazaqGaz Aimaq» АҚ апатты қалпына келтіру қызметінің 40-тан астам өндірістік қызметкері жұмыс істеп жатыр. Барлық қажетті жұмыс аяқталғаннан кейін үйлер мен кәсіпорындарға газ беру қайта басталады.

- «QazaqGaz Aimaq» АҚ Сарыағаш аудандық газ шаруашылығы мекемесінің авариялық-диспетчерлік қызметіне қоңырау түсті. Онда авария салдарынан, газ құбырына зақым келіп, газ шығып жатқандығы айтылған. Оқиға орнына жедел бригада 10 минут ішінде жетті. Жедел топ тез арада газдың шығуын анықтап, клапанды жауып, зардаптардың алдын алу жұмыстарын жүргізді. Оқиға орнына полиция қызметкерлері шақырылды, - делінген «QazaqGaz Aimaq» АҚ Қоғаммен байланыс бөлімі таратқан ақпаратта.

Соңғы жаңалықтар