Сарыағаштық дәрігерлер 105 науқасқа тіліксіз ота жасады
ТҮРКІСТАН. KAZINFORM - Сарыағаш аудандық орталық ауруханасында жыл басынан бері 105 науқасқа коронарография əдісімен ота жасалды. Жоғары технологиялық операция кезінде дәрігерлер тіліксіз әдіспен науқастардың жүрек қан тамырларына стенд орнатып берді. Аудандық ауруханада жасалған оталардың барлығы сәтті өтті.
Бірінші кезеңде дәрігерлер коронарография әдісімен науқастардың жүректегі қан тамырларын тексереді. Диагнозы расталып, сырқаты нақты анықталған соң пациенттерге тіліксіз ота жасайды. Яғни, катетердың көмегімен тарылып бітелген қан тамырларына стенд орнатады.
Мұндай оталарды жасау үшін аудандық аурухана дәрігерлері облыстық, республикалық жетекші емдеу орталықтарына барып, интервент дәрігерлерден сабақ алып келген. Сондай-ақ, аурухана базасына республикалық деңгейдегі емдеу мекемесінен жоғары тәжірибелі мамандар шақыртылып, тәжірибе алмасқан.
«Коронарография мамандандырылған операциясы ангиограф аппаратының көмегімен жасалады. Аталған аппарат ауруханаға 2023 жылдың қаңтар айында орнатылған. Қазір білікті мамандар жасақталып, осы саланы дамыту жағын мықтап қолға алдық. Енді науқастарды облыс орталығына жібермей-ақ аудан деңгейінде операция жасап, денсаулықтарын сауықтырудамыз»-дейді аурухананың бас дәрігері Бахыт Мырзалиев.