08:22, 04 Маусым 2009 | GMT +5
Саркози: Егер Иран ядролық бағдарлама бойынша келіссөзден бас тартса, оны оқшаулау күтіп тұр
ПАРИЖ. Маусымның 4-і. ҚазАқпарат - Егер Иран ядролық бағдарлама бойынша келіссөзден бас тартса, оны оқшаулау күтіп тұр,
деп мәлім етті Франция Президенті Николя Саркози Иранның сыртқы істер министрі Манучехр Моттакимен болған кездесуде. ҚазАқпарат бұл туралы Associated Press агенттігіне сілтеме жасап хабарлайды. Француз басшысы Иран тарабын Біріккен Ұлттар Ұйымының қарарларына құлақ асуға және АҚШ пен Франция кіретін халықаралық қоғамдастықпен келіссөзді бастауға шақырды. Олай болмаған жағдайда, Н.Саркозидің айтуынша, Иран «барлық салада бұрынғыдан бетер халықаралық оқшаулауға» ұшырайтын болады. Иран үкіметі ядролық қару жасап жатпағанын және «бейбіт мақсаттағы атомға» құқы бар екенін айтудан танар емес. Бірақ та Тегран жолға қойып отырған жоғары байытылған уранның өндірісі әскери ядролық бағдарламаның әлеуетті құрамдас бөлігі бола алатын болғандықтан, бұл жайт халықаралық қоғамдастықтың көңілін алаңдатып отыр.