Саркози Францияның жетекші оппозициялық партиясын басқаратын болды
АСТАНА. ҚазАқпарат - Францияның бұрынғы президенті Николя Саркози елдің ірі оппоциялық - «Халық қозғалысы үшін одақ» партиясының басшысы болып сайланды (UMP).
Соңғы тәуліктерде өткен сайлауда Саркозиге партия мүшелерінің 64,5% дауыс берді. Сайлауға барлығы 155 мыңға жуық UMP мүшесі қатысты. Бұл барлық активтің 60% құрайды.
Оның қарсыластары Брюно Ле Мэр және Эрве Маритон болған еді.
Интернет арқылы дауыс беру жұма күні жергілікті уақытпен 20.00-де басталып, бір тәулікке созылды, деп хабарлайды rosbalt.