Саркози өз атына қоқан-лоқы жазылған хат пен оқ алды

АСТАНА.  Тамыздың 6-сы.  ҚазАқпарат -  Франция Президенті Николя  Саркози       қоқан-лоқы жазылған  хат пен       үлкен  калибрлі     аңшылық қарудың    оғын   алды. 

Саркози өз атына қоқан-лоқы   жазылған   хат  пен   оқ алды

Елдің  оңтүстігіндегі Монпелье  қаласынан  пошта арқылы жөнелтілген   хатты      қауіпсіздік  қызметі кеше  ұстаған,  деп хабарлайды ҚазАқпарат   «Маяк» радиостансасына  сілтеме  жасап.

Тергеушілердің  пікірінше,  осы  хат  пен Монпелье тұрғыны

2007 жылдың  соңы мен 2008 жылдың басында  оңшыл партия  өкілдерінің  аттарына  жолданған     хаттардың  арасында  айқын байланыс  бар.

Полиция ол азаматты     сол  кезде  ұстап,        былтыр көктемде  босатқан болатын.   Ол  - армияда   инженер-электроншы  болып   жұмыс істеп,  қысқартудың  салдарынан жұмыстан  босап қалған отставкадағы   әскери адам.