Саркози ұлды болды

АСТАНА. 14 қазан. ҚазАқпарат - Франция президентінің әйелі Карла Бруни тағы да ана атанды. 43 жастағы әртіс әрі әнші дүниеге ұл бала әкелді, деп хабарлайды Росбалт.

Саркози ұлды болды

Карла Бруни бас кезінде өзінің жағдайы туралы көпшілік алдында сөз қозғағысы келмей, ұзақ уақыт бойы нәрестелі болатынын жасырған. Алайда бірнеше ай өткен соң ол сұхбат беріп, Николя Саркози екеуі үшін бұл «күтпеген қуаныш» екенін айтқан.

Босанарынан бірнеше күн бұрын Карла Бруни Париждегі ең беделді емханалардың біріне жатқызылған.

Естеріңізге сала кетейік, Франция президенті осымен төртінші рет әке атанып отыр.