Сәрсен Құранбек Спорт және дене шынықтыру істері агенттігі төрағасының жаңа орынбасары болды

АСТАНА. ҚазАқпарат - ҚР Спорт және дене шынықтыру істері агенттігі төрағасының жаңа орынбасары тағайындалды.

Сәрсен Құранбек  Спорт және дене шынықтыру істері агенттігі төрағасының жаңа орынбасары болды

«2014 жылғы наурыздағы Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысымен Сәрсен Абайұлы Құранбек Қазақстан Республикасы Спорт және дене шынықтыру істері агенттігі төрағасының орынбасары болып тағайындалды»,-делінген аталған ведомство мәліметінде.

Бұған дейін ол «Қазақстан Барысы» жобасының атқарушы директоры қызметін атқарған болатын. Қазақ күресін дамытуға елеулі үлесін қосқан білікті маман енді бұқаралық спорттың дамуын қадағаламақ.