Сәрсен Жарылғасов Азаматтық авиация комитеті төрағасының орынбасары қызметіне тағайындалды

Қазақстан Республикасы Көлік министрінің Үкімет аппаратымен келісіп шығарған бұйырығымен Сәрсен Жарылғасов меритократия қағидаты бойынша Азаматтық авиация комитеті төрағасының орынбасары қызметіне кірісті, деп хабарлайды Каzinform агенттігі.

Азаматтық авиация комитеті
Фото: Азаматтық авиация комитеті

Комитеттен атап өткендей, Сәрсен Жарылғасов 2019 жылдың қыркүйегінен бері ААК Әуежайлар басқармасының басшысы қызметін атқарды.

Сондай-ақ ол Азаматтық авиация комитетінде сарапшы, бас сарапшы - Әуежайлар басқармасының мемлекеттік авиацияның аға инспекторы қызметтерін атқарған.