07:30, 30 Қараша 2011 | GMT +5
Сәрсенбі елдің батысынан өзге өңірлерде жауын-шашынсыз өтеді - Қазгидромет
ТАНА. 30 қараша. ҚазАқпарат - Сәрсенбі күні Қазақстанның батыс аумағында жауын-шашын, тұман, көктайғақ пен ұйытқыма жел күтіледі, елдің қалған бөліктерінде күн жауын-шашынсыз өтеді.

Бұл туралы «Қазгидромет» қызметінен мәлім етті.
Атап айтқанда, Маңғыстау, Батыс Қазақстан облыстарының кей жерлерінде тұман, көктайғақ, 15-20 м/с жылдамдықта жел болжануда.
Атырау облысының жекелеген аумақтарына тұман түсіп, секундына 15-20 метр күшпен жел соғады.
Ақтөбе облысында бұрқасындатып, 15-20 м/с екпінде жел тұрады, күндіз көктайғақ болуы ықтимал.
Қостанай облысында сондай-ақ, бұрқасынды, 18-20 м/с жылдамдықта жел күтілуде.
Ал Алматы, Жамбыл, түнде Оңтүстік Қазақстан, Ақмола, Шығыс Қазақстан облыстарының кей өңірлерін тұман басады.