Сәрсенбі күні 4 қалада ауа сапасы нашарлайды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Сәрсенбі, 27 ақпан күні Қазақстанның 4 қаласында жағымсыз метеорологиялық жағдай күтіледі, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Сәрсенбі күні 4 қалада ауа сапасы нашарлайды

«Қазгидромет» РМК-ның ақпаратына сүйенсек, Ақтау, Ақтөбе, Талдықорған және Шымкент қалаларында ауа сапасы нашарлайды.

Ал еліміздің өзге қалаларында метеожағдай қалыпты болады.

Қолайсыз метеорологиялық жағдайлар - атмосфералық ауаның беткі қабатында зиянды (ластаушы) заттардың шоғырлануына ықпал ететін қысқамерзімді метеофакторлардың (тымық ауа райы, жеңіл жел, тұман, инверсия) жиынтығы.

ҚМЖ жағдайында елді мекендердегі атмосфералық ауаның сапасы нашарлауы ықтимал.