Сәрсенбі күні Қазақстанда жауын-шашынсыз ауа райы сақталады

АСТАНА. ҚазАқпарат - Сәрсенбі күні де Қазақстанның басым бөліг жауын-шашынсыз антициклонның ықпалында болады, деп хабарлайды Қазгидромет.

Сәрсенбі күні Қазақстанда жауын-шашынсыз ауа райы сақталады

Тек батыста, оңтүстік-батыста және оңтүстік-шығыстың кей жерлерде жауын жауып, жел тұрады.

Еліміздің Қостанай, СҚО, Павлодар облыстарында тұман тұруы ықтимал. Күндіз Маңғыстау облысында, Атырау облысында, БҚО-ның кей жерлерінде желдің жылдамдығы 15-20м/сек-қа жетеді.