07:30, 09 Қараша 2011 | GMT +5
Сәрсенбі күні Қазақстанның басым аумағында қар мен аяз күтілуде - Қазгидромет
ТАНА. 9 қараша. ҚазАқпарат - «Қазгидрометтің» болжауынша, 9 қараша күні атмосфералық ағындардың өтуімен Қазақстанның басым аумағында аяз көтеріліп, қар жауады. Ал елдің батысында циклонның ықпал етуімен аяз бәсеңсіп, қар түседі.
Атап айтқанда, Батыс Қазақстан, Ақтөбе, Қостанай, Шығыс Қазақстан облыстарының кейбір жерлерінде бұрқасындатып, секундына 15-22 метр жылдамдықпен жел соғады.
Атырау облысының кей жерлерінде бұрқасын, көктайғақ, 15-20 м/с жылдамдықтағы өткінші жел болжануда.
Ақмола, Қызылорда, Маңғыстау, Павлодар облыстарының кей аумақтарында желдің күші секудына 15-20 метрге дейін күшейеді.
Алматы, Оңтүстік Қазақстан, түнде Қарағанды облыстарында - тұманды болады.
Жамбыл облысының кей өңірлерінде тұман мен көктайғақ күтілуде.