Сәрсенбі күні Қазақстанның басым бөлігінде бұрқасын болады - Қазгидромет

АСТАНА. ҚазАқпарат - Бүгін Қазақстанның басым бөлігі фронтальды бөліктердің ықпалында болғандықтан, кей жерлерінде жауын-шашын болып, бұрқасын, тұман, көктайғақ, желдің күшеюі күтіледі, тек батысында ауа райы жауын-шашынсыз болады.

Сәрсенбі күні Қазақстанның басым бөлігінде бұрқасын болады  - Қазгидромет

Бұл туралы «Қазгидромет» хабарлады. Алматы облысының Жалаңашкөл ауданында жел сақталады, күші 18-23 м/с болады, кей жерлерінде тұман байқалады. Ақтөбе, күндіз Қостанай, Павлодар облыстарының кей жерлерінде жел соғады, күші 15-20 м/с, жекелеген аймақтарында бұрқасынмен. Түнде және таңертең Ақмола облысының кей жерлерінде тұман болып, таңертең және күндіз бұрқасынмен жел соғады, күші 15-20 м/с болады. Қарағанды, Маңғыстау, Қызылорда облыстарының кей жерлерінде тұман, көктайғақ болып, жел соғады, күші 15-20 м/с болады. Жамбыл облыстарының кей жерлерінде жел 15-20 м/с күшейіп, түнде тұман күтіледі. Батыс Қазақстан, Солтүстік Қазақстан облыстарының кей жерлерінде тұман болады. Атырау облысының кей жерлерінде тұман, көктайғақ байқалады. Оңтүстік Қазақстан облысында жел соғады, күші 15-20 м/с. Шығыс Қазақстан облысының кей жерлерінде желдің күші 17-22 м/с, түнде бұрқасынмен.