Сәрсенбіде ауа райы қандай болады

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - «Қазгидромет» РМК 12 қыркүйекке арналған ауа райы болжамын ұсынады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Атмосфералық ауа ағындардың өтуіне байланысты,  Қазақстанның басым бөлігінде жауын-шашын сақталады. Түнгі және таңертеңгі уақытта солтүстік батыс, солтүстік және орталықта жаңбырдың соңы қарға ұласуы ықтимал, тек еліміздің батысында оңтүстік және оңтүстік шығыста жауын-шашынсыз ауа райы болжанады.

Кей жерлерде жел күшеюі күтіледі, оңтүстікте жел шаңды дауыл болады. Шығыста жекелеген аудандарда найзағай жарқылдап, күндіз бұршақ жаууы ықтимал.

Республиканың солтүстік және орталық бөлігінде түнде және таңертең тұман және үсік күтілуде. Шығыс Қазақстан, Қостанай облыстарында кей жерлерінде найзағай, желдің жылдамдығы 15-20, күндіз 25 м/с жетеді, күндіз кей жерлерінде  бұршақ жаууы ықтимал.

Солтүстік Қазақстан, Павлодар облыстарының кей жерлерінде түнде және таңертең тұман, күндіз желдің 15-20 м/с күшеюі күтіледі. Қарағанды облысының кей жерлерінде таңертең тұман, түнде желдің 15-20 м/с күшеюі күтіледі.

Жамбыл, күндіз Түркістан, Қызылорда облыстарының кей  жерлерінде  жел 15-20 м/с күшейеді. Қызылорда облысында шаңды дауылмен соғады. Ақмола облысының кей жерлерінде тұман күтіледі.

Түнде Қостанай, Ақмола, Солтүстік Қазақстан, Павлодар, Қарағанды облыстарында 1-3 градус үсік жүреді.

Ал Қызылорда, Түркістан, Жамбыл, Маңғыстау облыстарының басым бөлігенде, Атырау, Батыс Қазақстан, Ақтөбе және Қарағанды облыстарының кей жерлерінде жоғары өрт қауіпі сақталады.

Соңғы жаңалықтар
telegram