Сәрсенбіде елдің басым аумағында жауын-шашын, бұрқасын, ұйытқыма жел, тұман мен көктайғақ күтілуде

ТАНА. 16 қараша. ҚазАқпарат - Сәрсенбі, 16 қараша күні Қазақстанның басым аумағында жауын-шашын (қар басым), бұрқасын, ұйытқыма жел, тұман мен көктайғақ болжануда. Бұл туралы «Қазгидромет» қызметінен хабарлады.
None
None

Атап айтқанда, Ақтөбе, Ақмола, Қостанай облыстарының жекелеген жерлерінде бұрқасын, көктайғақ пен 15-20 м/с жылдамдықтағы жел күтілуде. Сондай-ақ, Ақмола мен Қостанай облысында тұманды болады.

Маңғыстау, Оңтүстік Қазақстан облыстарының кей аумақтарында тұман, көктайғақ пен секундына 15-23 метр күшпен соғатын өтпелі жел болжануда.

Қызылорда, күндіз Қарағанды облысында желді, оның күші 15-20 м/с-ты құрайтын болады.

Батыс Қазақстан, Солтүстік Қазақстан облыстарының кей өңірлерінде бұрқасындатып, 15-20 м/с екпінмен жел соғады. БҚО-да тұман болуы ықтимал.

Тұман сондай-ақ, түнде Алматы облысында күтілуде.

Гидрологиялық болжамдарға сүйенсек, алдағы тәулікте Қазақстанның солтүстігіндегі сулы нысандардың денінде мұз қату процессі жалғасады. Елдің шығысындағы жекелеген өзендерде мұздың қатуынан мұз кептелістері болып, әсіресе, Ертіс, Қалжыр және тағы басқа өзендерде судың деңгейлері кенет көтерілуі мүмкін. Республиканың оңтүстік және оңтүстік-шығысындағы сулы нысандарда судың біртіндеп сууы байқалады.

Соңғы жаңалықтар