Сәрсенбіде елдің басым өңірінде күшті бұрқасын мен ұйытқыма жел күтілуде - Қазгидромет

АСТАНА. 28 желтоқсан. ҚазАқпарат - «Қазгидрометтің» болжауынша, сәрсенбі, 28 қараша күні Қазақстанның дерлік барлық аумағы циклонның ықпалында болады, онымен елдің басым өңірінде қар, бұрқасын мен жел күтілуде.

Сәрсенбіде елдің басым өңірінде күшті бұрқасын мен ұйытқыма жел күтілуде - Қазгидромет

Атап айтқанда, Батыс Қазақстан, Атырау, Ақтөбе, Қостанай, Ақмола, Қарағанды, Қызылорда облыстарында секундына 15-20 метр күшпен соғатын желдің екпіні кей уақыттары 25 метрге жетіп, бұрқасын соғуы ықтимал. Ақтөбе облысында күндіз бұрқасынның күші қатты болады.

Павлодар облысында 15-22 м/с жылдамдықпен соғатын желдің күші 27 м/с-қа жетіп, оған қатты бұрқасын қосылады.

Шығыс Қазақстан облысының жекелеген аумақтарында сондай-ақ, бұрқасын мен жел күтілуде, оның екпіні секундына 15-20 метрді құрайды.

Маңғыстау облысының кей өңірлерін тұман басып, 17-22 м/с жылдамдықпен жел соғады.

Оңтүстік Қазақстан және Жамбыл облыстарының кейбір аумақтарында тұман, көктайғақ, 15-22 м/с екпіндегі жел күтілуде.

Алматы облысын кей уақыттары тұман басады, түнде Жалаңашкөл аумағында желдің күші 18-23 м/с-ты құрайды.